ФОН
Версия для
слабовидящих
Мобильная
версия
home
home home

Облыс жаңалықтары (kaz)

Сізді ақылы зерттеулер мен талдауларға жіберсе не істеу керек


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастады. Пациенттерге көмек енді кепілді тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі, ол сақтандырылушылық мәртебесіне және медициналық сақтандыру пакетіне қарамастан барлығына қолжетімді болып табылады.
2020 жылдың 31 наурызына дейін Қазақстанның барлық азаматтары "шартты түрде сақтандырылған" болып табылады және екі пакет шеңберінде медициналық қызметтерді пайдалана алады. Оның ішінде қымбат анализдер мен диагноз қою және емдеу үшін қажетті тексеруден өтуге болады.
- Анализдерді тегін тапсыру үшін, тексеруден өту үшін, мысалы УДЗ немесе МРТ зерттеуінен өту үшін, дәрігердің жолдамасы қажет. Оны терапевт немесе салалы маман, егер диагностика мен емдеу хаттамасы бойынша тексерудің осы түрі көрсетілген жағдайда жазып бере алады. Егер адам өз қалауы бойынша тексеруден өткісі келсе, бірақ көрсетілім болмаса, бұл өз қаражатынан өтеледі, - деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.
Егер қажетті (көрсеткіштер бойынша) талдаулар мен тексерулерге дәрігер ақылы негізде жіберген жағдайда, пациент бірінші кезекте пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Ол әрбір медициналық мекемеде жұмыс істейді. Егер мәселе шешілмесе, денсаулық сақтау басқармасының жедел желісіне 95 55 59 немесе медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалуы қажет.
 

Вернуться к списку новостей

Блог руководителя

Руководитель управления внутренней политики Приветствие Задать вопрос

Мемлекеттік қызмет көрсету

Опрос

Тестовый опрос (каз)

Архив опросов
© 2015 ГУ Управление внутренней политики Карагандинской области
+7 (7212) 561980 uvp_monitiring@mail.ru
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»